«7 мамыр Отан қорғаушылар» күні мен «9 мамыр Ұлы Жеңіс 75 жыл» толуына орай қашықтықтан ұйымдастырылған іс-шараның есебі
Ж.Бектұров атындағы №3 Ақкөл орта мектебі «7 мамыр Отан қорғаушылар» күні мен «9 мамыр Ұлы Жеңіс 75 жыл» толуына орай қашықтықтан ұйымдастырылған іс-шараның есебі
Биылғы жылы «7 мамыр Отан қорғаушылар» мен «9 мамыр Ұлы Жеңіс» күні мерекесіне орай іс –шаралар жоспарлы түрде қашықтықтан орындалды. 2-9 мамыр аралығында «Ұлы дала батырлары» тақырыбында мектеп кітапханашысы А.Ш.Кулмаганбетова онлайн кітаптар көрмесінің видео презентациясы жасап оқушыларға ұсынды. Барлық сынып оқушылары арасында «Ұлы Жеңісті жырлаймыз!» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы жүргізілді. Оқушылар өлең оқумен қатар жеңіс күнінен арнап «Даңқ бұл күндері тоқтамайды» тақырыбында суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар тақырыптық суреттер салып, жеткізе білді.
Ұлы Отан соғысын бастан кешкен ата-бабаларының ерліктерін ұлықтау мақсатында «Отты жылдар шежіресі» тақырыбында видео презентация жасау ұсынылды. Оқушылар және ата-аналар белсене қатысып, ата –бабаларының ерліктерімен мақтан етті. Сонымен қатар, «Желбіре, Жеңіс туы!» тақырыбындағы видеоролик жасау байқауы жалғасын жатыр. Сынып жетекшілер тақырыптық сынып сағаттарын онлайн түрінде өткізді. Әр сынып мерекелік құттықтаулар мен ән шашуларын ұсынды. Жоғары сынып оқушылары презентация, буклеттер бейне роликтер дайындады.
Жоспар бойынша атқарылған іс-шаралар әлеуметтік желілерге жүктелді.