Ж.Бектұров атындағы №3 Ақкөл орта мектебі Тұңғыш Президент күніне орай іс-шаралар анықтамасы
1 желтоқсан «ҚазақстанРеспубликасының Тұңғыш Презтдент» күніне орай мектепішілік іс –шаралар жоспары құрылып жүзеге асты.
25 -30 қараша күндерінде Елбасын ұлықтау мен еңбегін насихаттау барысында мынадай іс-шаралар ұйымдастырылды.
25 қараша мектеп кітапханасында «Тарих толқынында» тақырыбында кітаптар көрмесі қойылды. Елбасының «Тарих толқынында» туындысын көрсетілді. Жас Ұлан ұйымының мүшелерімен «Ел қалауы - Елбасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел қашықтықтан Zoom платформасы арқылы ұйымдастырылды.
26-қараша күні орта буын және жоғары сынып оқушыларымен «Жыр арқауы Елбасы» жыр мүшәйрасы өтті. Оқушылар Елбасына арналған өз туындыларын ұсынды.
«Менің тұңғыш Президентім» мәнерлеп оқу бастауыш сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Оқушылар Елбасын ұлықтап өлең жолдарын айтып берді.
27- қараша онлайн көрсетілім күні. Оқушыларға «Елбасы жолы» деректі фильмін ұсындық. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент атындағы мұражайға қашықтықтан саяхат ұйымдастырылып көрсетілді.
28 –қараша Жас Ұлан ұйымы мүшелері «Егер мен Президент болсам...» тақырыбында пікірталас өтті. Оқушылар Елбасының өмір жолы мен еңбек жолын айтып тәуелсіз Қазақстанды көркейту жолындағы игі істерін айтып өтті. Оқушылар өздерінің «Егер президент болсам...» тақырыбындағы өздерінің тың идеяларымен бөлісті.
30-қараша сынып жетекшілер оқушылармен Елбасы күніне орай тақырыптық сынып сағаттарын өткізді.
Барлық іс-шаралар мектептің әлеуметтік желілеріне жүктеліп, оқрмандарға ұсынылды.
https://www.instagram.com/p/CIAF4FAArYb/
https://www.instagram.com/p/CIAGo8Rgqug/
https://www.instagram.com/p/CIAi6gngxVZ/
https://www.instagram.com/p/CIAi6gngxVZ/
https://www.instagram.com/p/CIFrvo8AWtm/
https://www.instagram.com/p/CIFrWfKgkQc/
https://www.instagram.com/p/CIFqOAGgo8C/
https://www.instagram.com/p/CIGOt_ugwiK/
https://www.instagram.com/p/CII7FG6AI8V/
https://www.instagram.com/p/CIIg4t5gknb/
https://www.instagram.com/p/CIFpTC7AQ4e/