Мұражайға саяхат

Тарих  - туған жерден басталады, сондықтан әр тұрғын өзі тұрған қаласының, елді мекенінің жері мен азаматтарының тарихы туралы білгені жөн.

 

Жайық Бектұров атындағы №3 Ақкөл орта мектебінің мектеп мұражайында жазушы, қоғам қайраткері Жайық Бектұровтың өмірі мен қызметі жайлы таныстыру шаралары өткізілді.

Іс-шараға Ақкөл балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысып, оларға Жайық ағамыздың өмір жолымен  Жайық Бектұров атындағы №3 Ақкөл орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Сыздықова Бақыт Жанболатовна  қызықты мағлұматтар жайлы баяндады.  Ж.Бектұровтың өмірімен, шығармашылығымен таныстыру, жалпы адамзаттық құндылықтар, зиялылық, креативтілік, ой-пікір тәуелсіздігі тұрғысынан патриоттық тәрбие беру көзделді. Келген қонақтар жазушының шығармаларына қатысты сұрақтар қойды. 

Жалпы алға қойған мақсат балаларға мектеп мұражайы жайлы және қоғам қайраткері Жайық Бектұров туралы түсінік беру; оқушылардың ой-өрістерін, танымдық қабілеттерін арттыру, туған өлке тарихына деген қызығушылығын қолдау және дамыту; оқушылардың бойында ата-бабаларына деген құрмет сезімді және өзінің туып-өскен жеріне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.