"Адал ұрпақ" жобасы

06-04/4391

26.08.2019

Аудандық (қалалық)

білім бөлімдерінің басшыларына

                                                            

                                                             Ведомствоға      бағынысты

                                                             ұйымдардың  басшыларына

                                                                               

Адалдық пен парасаттылықты тәрбиелеу қазіргі білім берудің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Осы ретте, өскелең ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, отансүйгіштік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында барлық білім беру ошақтарында жұмыс жасап жатқан «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары мен «Саналы ұрпақ» жобалық кеңселерінің орны ерекше.

Көрсетілген бастамалардың мүмкіндіктерін одан әрі кеңейту үшін «1 қыркүйек - Білім күні» мерекесіне орай а.ж. 2 қыркүйегі күні сағат 08.00-де   өңірлердегі барлық білім беру ұйымдарында (мектеп, колледж, ЖОО) бірыңғай «Адалдық сағаты» ұйымдастыруды сұраймыз.

Ұсынылған шараға лектор ретінде барлық деңгейдегі Арнайы мониторингтік топ мүшелерін және «Нұр-Отан» партиясының филиалы төрағаларының орынбасарларын, білім саласына жетекшілік ететін облыс, қала/аудан әкімдерінің орынбасарларын, білім бөлімдерінің басшыларын, ауыл әкімдерін, мектеп директорларын, халық арасында абырой, құрметке ие белсенді азаматтардың шақырылуы мүмкін.

«Адалдық сағатында» өскелең ұрпаққа адалдық және парасаттылық құндылықтары, сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарлары, олардың алдын алу бойынша еліміздің жеткен жетістіктері кеңінен түсіндірілуі қажет.

Өткізілген іс-шаралар жөніндегі ақпаратты фото есепті қоса отырып  а.ж. 3 қыркүйекке дейін жолдап және malee08@mail.ru электрондық поштаға қосымша жолдау қажет.

 

Басшының орынбасары                                                   Б.Дүйсенова

 

 

 

Орын: М.Ли

903130