«Түлек ағашын отырғызу»

22.04.2026

Бүгін мектебімізде ерекше мағынаға толы шара – «Түлек ағашын отырғызу» акциясы жоғары деңгейде өтті. Бұл тек дәстүрлі іс-шара ғана емес, табиғатқа деген жанашырлықтың, болашаққа деген жауапкершіліктің айқын көрінісі болды.

Мектеп түлектері өз қолдарымен ағаш отырғызып, туған білім ордасына естелік қалдырды. Әр отырғызылған көшет – олардың арманы мен үмітінің, алға қойған мақсаттарының символы іспеттес.

Бұл акция арқылы біз:
 Табиғатты аялаудың маңызын насихаттадық;
 Қоршаған ортаны қорғауға өз үлесімізді қостық;
 Жас ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің үлгісін көрсеттік.

Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, мектебіміздің жасыл желекке оранған көрікті мекенге айналуына септігін тигізетініне сенім мол.

Табиғатқа қамқорлық – болашаққа қамқорлық!

Просмотров: 73


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу