Ұстаздар жеңісі – мектеп мерейі
15.05.2026
Білім бөлімі мен кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өткен «Мұғалім – 2026» білім беру саласы қызметкерлері арасындағы спорттық спартакиада жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ұстаздар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, әріптестік қарым-қатынасты нығайтуға үлкен мүмкіндік берді.
Аталған дүбірлі додада мектебіміздің ұстаздары белсенділік танытып қана қоймай, өздерінің шеберліктері мен спортқа деген құлшыныстарын дәлелдеп, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Түрлі спорт түрлерінен сынға түскен педагогтарымыз жүлделі орындарды иеленіп, мектебіміздің абыройын асқақтатты.
🏆 Тоғызқұмалақ ойынынан Байдуллаев М. мен Хыдырбек Алтыншаш І орын иеленді.
🏆 Шахмат сайысында Ханатбек Н. мен Садубек М. қарсыластарынан оза шауып, І орынды жеңіп алды.
🏆 Асық ату спортынан Аменов М. мен Халықова Л. үздік нәтиже көрсетіп, І орынға ие болды.
🏆 Дартс спортында Кусенбаева Ж.А. мен Халықова Л. мергендіктерін дәлелдеп, І орынды қанжығаларына байлады.
🥈 Үстел теннисінен Байдуллаев М. мен Халықова Л. ІІ орын иеленді.
🥉 Қалашық ойынында Хадар М. мен Байдуллаев М. ІІІ орын алды.
Сонымен қатар волейбол жарысында да ұстаздарымыз ұйымшылдық пен командалық рухтың үлгісін көрсетті.
Спартакиада қорытындысы бойынша мектебіміздің педагогтері жалпы есепте жүлделі І орынды жеңіп алып, мектеп мерейін үстем етті. Бұл жеңіс – ұстаздарымыздың ауызбіршілігі мен қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Осы жетістікке үлес қосқан Қуандықов К., Алтынбай Н., Тусупбекова З., Ардабаева К., Қыпшақбай Ж. ұстаздарымызға ерекше алғыс білдіреміз.
Спорт пен білімді қатар алып жүрген әріптестерімізге зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне шығармашылық табыс және алдағы уақытта да биік белестерден көріне берулеріне тілектеспіз!