Кәсіби бағдар бойынша " Работатехника ЖИ"
19.05.2026
Кәсіби бағдар беру бағытында ұйымдастырылған «Робототехника және Жасанды интеллект» атты аудандық жарыста мектебіміздің 10-сынып оқушысы Манархан Нұрбол жоғары дайындық пен шығармашылық қабілетін көрсетіп, жүлделі ІІ орын иеленді.
Бұл байқау оқушылардың техникалық сауаттылығын арттыру, заманауи IT технологияларға қызығушылығын дамыту және жасанды интеллект пен робототехника саласындағы білімдерін шыңдау мақсатында өткізілді. Жарыс барысында қатысушылар түрлі тапсырмалар орындап, өз жобаларын қорғады.
Манархан Нұрбол өз білімінің тереңдігін, логикалық ойлау қабілетін және роботтарды бағдарламалау бағытындағы шеберлігін дәлелдеп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Оның бұл жетістігі – табандылықтың, үздіксіз ізденістің және сапалы білімнің нәтижесі.
Мектебіміз үшін бұл – үлкен мақтаныш. Осындай жетістіктер жас ұрпақтың ғылым мен технологияға деген қызығушылығын арттырып, болашақта білікті маман болып қалыптасуына жол ашады.
Жеңімпазымыз Манархан Нұрболды жүлделі ІІ орнымен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы білім мен ғылым жолында жаңа табыстар мен биік белестер тілейміз!