«Сарбаздар ән салғанда»
06.05.2026
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Ақкөл ауданында ұйымдастырылған «Сарбаздар ән салғанда» атты аудандық сап және ән фестивалінде мектебіміздің оқушылары белсенді қатысып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті.
Фестивальдің басты мақсаты – жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, әскери тәртіпке баулу, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін қалыптастыру. Іс-шара барысында қатысушылар саптық жүріс, әскери пәрмендерді орындау және патриоттық әндерді орындау бойынша өз шеберліктерін көрсетті.
Мектебіміздің командасы ұйымшылдық пен тәртіптің, жауапкершілік пен патриоттық рухтың үлгісін танытып, көрермендер мен қазылар алқасының ықыласына бөленді. Команда жетекшісі Нугербеков А.Т. оқушыларды жарысқа жоғары деңгейде дайындап, олардың өнер көрсетуіне зор үлес қосты.
Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар оқушылардың елжандылық қасиеттерін арттырып, Отан алдындағы жауапкершілікті сезінуге тәрбиелейді.
Мектебіміздің намысын қорғаған барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз және алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!