«Өрт қауіпсіздігі – адал азамат, біртұтас тәрбие»

20.05.2026

Мектебімізде «Өрт қауіпсіздігі – адал азамат, біртұтас тәрбие» бағыты аясында оқушылар арасында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Аталған шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа өрт қауіпсіздігі ережелерін насихаттау, төтенше жағдайлардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.

Көрмеге әр сыныптың оқушылары белсенді қатысып, өздерінің ерекше қиялдары мен көркемдік шеберліктерін танытты. Балалар салған суреттерде өрт қауіпсіздігін сақтау жолдары, төтенше жағдай кезіндегі сақтық шаралары, батыл құтқарушылардың еңбегі мен қауіпсіз өмір салты кеңінен бейнеленді. Әр жұмыс мазмұндылығымен, бояу үйлесімімен және тәрбиелік маңызымен ерекшеленді.

Іс-шара барысында оқушылар тек сурет салып қана қоймай, қауіпсіздік ережелерінің маңызын терең түсінетіндіктерін көрсетті. Көрмеге қойылған жұмыстар көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырып, жас суретшілердің өнеріне жоғары баға берілді.

Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар оқушылардың жауапкершілік сезімін арттырып, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, сонымен қатар шығармашылық қабілеттерін шыңдауға үлкен ықпал етеді.

Мектебіміздің талантты оқушыларына шығармашылық табыс тілейміз және алдағы уақытта да биік белестерден көріне берулеріне сенім білдіреміз!

 
 
 
Просмотров: 78


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу