«Көңілді старт»
01.06.2026
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Көңілді старт» эстафеталық жарысы
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Көңілді старт» эстафеталық жарысында мектебіміздің командасы жоғары белсенділік, ұйымшылдық және жеңіске деген жігер танытып, І орынға ие болды.
Жарыс барысында қатысушылар өздерінің ептілігі мен жылдамдығын, төзімділігі мен тапқырлығын көрсете отырып, нағыз командалық рухтың жарқын үлгісін танытты. Әр кезеңде бірлік пен ынтымақтың арқасында командамыз үздік нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді.
Жеңімпаз атанған команда мүшелерін шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жетістік – қажырлы еңбектің, өзара қолдаудың және мақсатқа ұмтылыстың нәтижесі. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жеңістер мен толағай табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз!
Жеңіс құтты болсын!