«Жұлдыз» жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын жалғастыруда

08.06.2026

«Жұлдыз» жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын жалғастыруда

Мектебіміз жанындағы «Жұлдыз» жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастырып, оқушылардың жазғы демалысын мазмұнды әрі қызықты өткізуде.

Лагерьде балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізілуде. Әр күн қызықты ойындарға, спорттық жарыстарға, танымдық сабақтарға, көңілді сайыстар мен мәдени-рухани шараларға толы.

Балалар лагерьде жаңа достар тауып, өз өнерлері мен қабілеттерін шыңдап, көтеріңкі көңіл күйде уақыт өткізуде. Тәжірибелі ұстаздар мен тәрбиешілердің қамқорлығының арқасында әрбір тәрбиеленуші үшін қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастырылған.

«Жұлдыз» лагері – балалардың жарқын әсерлерге толы демалыс мекені. Алдағы уақытта да лагерь жұмысы өз жалғасын тауып, оқушыларға қуаныш сыйлай бермек.

Балалардың жазғы демалысы қызықты да мазмұнды өтуде!

Просмотров: 66


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу