«Тіл – халықтың жаны» лингвистикалық квесті
10.09.2026
0 қыркүйек күні Қазақстан халқының тілдері күніне орай 6-сынып оқушылары арасында «Тіл – халықтың жаны» атты лингвистикалық квест ұйымдастырылды. Орыс тілі және ағылшын тілі пәні мұғалімдері оқушыларға арналған қызықты бекеттер дайындады.
Квест барысында оқушылар бірнеше бағыт бойынша тапсырмалар орындады:
«Полиглот» бекетінде шетел сөздері мен мақал-мәтелдер бойынша білімдері тексерілсе, «Think and do» бекетінде ағылшын тілінде практикалық тапсырмалар орындалды. «Әріптер мен сөздердің құпиясы» бекетінде оқушылар ребустар мен лингвистикалық жұмбақтарды шешті, ал «Сөздер лабиринті» бекетінде сөйлемдер мен мәтіндер құрастыру арқылы тілдік дағдыларын көрсетті.
Барлық командалар белсенділік танытып, білімділігін, тапқырлығын және топпен жұмыс жасау қабілеттерін көрсетті. Оқушылар тілдерді үйренуге деген қызығушылықтарын байқатып, өз ойларын еркін жеткізуге талпынды.
Мұғалімдер квесттің оқушылардың тілдік құзыреттілігін дамытуға, пәнаралық байланысты нығайтуға және орыс пен ағылшын тілдерін меңгеруге деген ынтасын арттыруға ықпал еткенін атап өтті.