«AITAS холдингі – ауыл мектебін дамыту жолындағы сенімді серіктес»
18.09.2026
Бүгін мектебімізге Аitas холдингінің өкілдері қонаққа келді. Кездесу мақсаты — “Ауылдағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру” жобасының нәтижесімен танысу. Бұл жобаға біздің мектеп 2023 жылдан бері қатысып келеді. Жобаның негізгі операторы — Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры, ал aitas холдингі жоба серіктестерінің бірі. Серіктестерімізге жоба аясында орын алған өзгерістер, оқушылар мен ұстаздардың жетістіктері мен алдағы даму бағытымызды таныстырдық.
Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры өкілдері еліміздегі тірек мектептерді дамыту жобасын таныстырып, еліміздің ауыл-аймақтардағы білім сапасының артуына қосқан үлесін таныстырды. Сондай-ақ, кездесуге аудандық білім бөлімі басшысы Әсел Садыкова да қатысты.
Қонақтар мектеп ұжымына қолдау білдіріп, бағалы сертификаттар сыйлады. Осындай серіктестік пен қолдау мектебімізге, заманаум білім беру ортасын қалыптастыруға үлкен серпін береді.