ХАБАРЛАНДЫРУ Қамқоршылық кеңестерін сайлау және олардың құрамы бойынша ұсыныстар қабылдау туралы

01.09.2026

 

«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы , Ақкөл қаласы Ж.Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі » КММ  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген (өзгерістер мен толықтыруларымен) «Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына» сәйкес, Ақкөл ауданының орта білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестерін сайлау және олардың құрамы бойынша ұсыныстар қабылдау туралы хабарлайды.

1. Қамқоршылық кеңестің сандық және құрылымдық құрамы:
Кеңес мүшелерінің саны тақ болуы тиіс және кемінде 9 адамды құрайды. Құрамға келесілер кіреді:

- Білім алушылардың ата-аналары немесе өзге заңды өкілдері (сыныптардың әрбір параллелінен бір-бирден) - 11 адамнан артық емес;

 Құжаттарды тапсыру мерзімі:
Құжаттар мен ұсыныстарды қабылдау осы хабарландыру интернет-ресурста орналастырылған күннен бастап 20 (жиырма) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.

3. Үміткерлер үшін қажетті құжаттардың тізімі (Қағидалардың 9-тармағына сәйкес):
- Өтініш (еркін нысанда);
- Үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- Қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме (резюме);
- Білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөнилшелері берген, соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.
- Үміткерлер өздерінің кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтерді ұсына алады.

4. Құжаттарды жіберуге арналған мекенжайлар мен байланыс телефондары:
Құжаттар мен мәліметтер «Ақмола облысы , Ақкөл ауданы ,Ақкөл қаласы Ж.Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі » КММ-нің пошталық немесе электрондық мекен жайларына ұсынылады:
Пошталық мекенжайы: 020100, Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Ақкөл қ., Бегелдінов көшесі, 8
Электрондық мекенжайы:  kazakmektep@edu.kz
Анықтама телефондары: 8 (71638) 55207
 Орындаушы: Б.Б. Тилесова т. 8 (71638) 55207

Просмотров: 47


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу