«Әскери-қолданбалы кросстан аудандық жарыс»

24.09.2026

Әскери-қолданбалы кросстан аудандық жарыстағы жеңіс

Ақкөл ауданының жалпы білім беретін мектептері арасында өткен әскери-қолданбалы кросс жарысында мектебіміздің оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, І орынға ие болды.

Бұл жеңіс — оқушыларымыздың табандылығы мен тыңғылықты дайындығының, бірлік пен жеңіске деген жігерінің нәтижесі. Жас спортшыларымыз мектеп намысын абыроймен қорғап, өздерінің төзімділігі мен шеберлігін көрсетті.

Жеңімпаздарымызды жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Оқушыларды жарысқа дайындап, жетекшілік еткен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Нугербеков А.Т.-ға кәсіби еңбегі мен шәкірттеріне көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіреміз.

Оқушыларымызға зор денсаулық, оқуда озаттық және алдағы жарыстарда жаңа жеңістер тілейміз. Мектебіміздің мерейі артып, жетістіктеріміз еселене берсін!

Просмотров: 31


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу