ЕҢБЕК АДАМЫ – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ!
22.09.2026
ЕҢБЕК АДАМЫ – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ!
Еңбек күніне орай Ж. Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ оқушылары Ақкөл қаласындағы өрт сөндіру бөліміне барып, мамандармен танымдық кездесу өткізді. 🚒👨🚒
Кездесудің мақсаты – оқушыларды өрт сөндіруші мамандығының қыр-сырымен таныстыру, еңбек адамын құрметтеуге тәрбиелеу және өрт қауіпсіздігі бойынша білімдерін кеңейту.
Кездесу барысында оқушылар өрт сөндірушілердің күнделікті қызметімен, төтенше жағдай кезінде атқаратын жұмыстарымен және өрт қауіпсіздігі ережелерімен танысты. Сондай-ақ арнайы өрт сөндіру техникалары мен құрал-жабдықтарын көріп, олардың қолданылу ерекшеліктері туралы мамандардан ақпарат алды.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өрт сөндірушілердің жауапты әрі ерлікке толы еңбегі туралы мол мағлұмат алды.
Осындай кездесулер жас ұрпақтың түрлі мамандықтарға деген қызығушылығын арттырып, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке және қауіпсіздік мәдениетін сақтауға тәрбиелейді.
Ақкөл қаласының өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне жылы қабылдап, оқушыларымызға пайдалы әрі мазмұнды кездесу ұйымдастырғандары үшін алғысымызды білдіреміз! 🤝
Еңбек – елдің берекесі, еңбек адамы – елдің тірегі! 🇰🇿
#ЕңбекКүні #ЕңбекАдамы #ӨртСөндіруші #Қауіпсіздік #АдалАзамат #Ақкөл #ЖБектұровМектебі