АПТАЛЫҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІ – ЖАРҚЫН ЖЕҢІСТЕРМЕН БАСТАЛДЫ!

28.09.2026

АПТАЛЫҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІ – ЖАРҚЫН ЖЕҢІСТЕРМЕН БАСТАЛДЫ!

Бүгін мектебімізде Дене шынықтыру, Еңбек, Музыка және АӘД пәндері апталығының ашылуы ерекше форматта ұйымдастырылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. 

Апталықтың ашылуы аясында АПҚО бойынша ата-аналар мен оқушылар түрлі сайыстарға белсене қатысып, өздерінің шапшаңдығын, мергендігін, тапқырлығын және ептілігін көрсетті. Ата-аналар мен оқушылардың бірлесе қатысуы шараның мазмұнын арттырып, ерекше әсер сыйлады. 

♟️ Дойбы ойынының жеңімпаздары:

🥇 Ханатбек Ботакөз – І орын
🥈 Дауитхан Нұржан – ІІ орын
🥉 Садуова Арайлым, Хусан Алима – ІІІ орын

🎯 Дартс сайысының жеңімпаздары:

🥇 Туменбаева Бибигуль – І орын
🥈 Балшоханова Ляззат – ІІ орын
🥉 Канпинова Динара – ІІІ орын

 Барша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!

Әрбір жеңіс – еңбектің, табандылық пен талпыныстың жемісі. Осындай мазмұнды шаралар ата-ана, оқушы және мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді. 🌿

 Апталығымыз қызықты сайыстарға, жарқын сәттерге және жаңа жеңістерге толы болсын!

Просмотров: 17


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу