Қазақстан халқының тілдері күніне орай мерекелік іс-шара өтті!

21.09.2026

Қазақстан халқының тілдері күніне орай мерекелік іс-шара өтті! 🌍✨

Ақкөл ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастыруымен Қазақстан халқының тілдері күніне орай тағылымы мол мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында мектебіміздің оқушылары украин халқының салт-дәстүрі мен өнерін таныстырып, ұлттық мәдениеттің ерекшеліктерін көпшілікке паш етті. 🇺🇦🎶

Ұлттық киімдер, дәстүрлер, ән мен би арқылы украин халқының бай мәдениеті көрсетіліп, көпұлтты Қазақстандағы достық, бірлік пен өзара сыйластықтың маңыздылығы айқын көрініс тапты.

🌿 Тіл – халықтың рухани қазынасы, мәдениет – ұлттың айнасы.
Әр халықтың тілі мен салт-дәстүрін құрметтеу – ел бірлігін нығайтудың маңызды негізі.

Баршаңызды Қазақстан халқының тілдері күнімен құттықтаймыз!
Тіліміз тұғырлы, бірлігіміз ғұмырлы болсын! 🇰🇿💙#өзгетілдіңбәрінбілөзтіліндіқұрметте

Просмотров: 5


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу