ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ДЕНСАУЛЫҚ – БАСТЫ НАЗАРДА

30.09.2026

ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ДЕНСАУЛЫҚ – БАСТЫ НАЗАРДА

Мектебімізде оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіздік ережелерін сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мектеп инспекторы Мурзаханов Ильфат Марсилович оқушылармен кездесіп, құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және жауапкершілік туралы түсіндірді. Сонымен қатар жолда жүру қауіпсіздігіне тоқталып, жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңызын атап өтті.

Мектеп медбикесі Макашова Алтыншаш Баязиевна салауатты өмір салты және жеке гигиена тақырыптарында түсіндірме сұхбат жүргізді. Әңгіме барысында денсаулықты күту мен күнделікті тазалық талаптарын сақтаудың маңыздылығына назар аударылды.

Мұндай кездесулер оқушылардың өз денсаулығы мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауына, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және пайдалы әдеттерді күнделікті өмірде ұстануына ықпал етеді.

Просмотров: 16


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу