Жастарды радикалды діни идеялардан және теріс діни ағымдардың ықпалынан қорғау
17.09.2026
Мектебімізде оқушылар арасында жастарды радикалды діни идеялардан және теріс діни ағымдардың ықпалынан қорғау мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесуге Ақкөл станциясындағы ОПТ бастығы, полиция капитаны Гарипуллин Айдос Саябекұлы, Ақмола облысы Ақкөл ауданының теологы Ғаббас Мирамбек Төсекбайұлы және Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Асылбеков Болатбек қатысты.
Кездесу барысында мамандар оқушыларға радикалды діни идеялардың алдын алу, теріс ағымдардың ықпалына түспеу, ақпаратты әлеуметтік желілерден қабылдауда сақ болу және күмәнді діни ақпаратқа сын тұрғысынан қарау жөнінде маңызды кеңестер берді.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандармен ашық пікір алмасты. Кездесу барысында діни сауаттылықты арттыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қауіпсіз ақпараттық орта құрудың маңыздылығы атап өтілді.#адалазаматбіртұтастәрбиебағдарламасы #заңментәртіп