«ТОЛАҒАЙ» ОТБАСЫЛЫҚ САЙЫСЫ – БІРЛІК ПЕН БЕЛСЕНДІЛІКТІҢ МЕРЕКЕСІ!
16.09.2026
«ТОЛАҒАЙ» ОТБАСЫЛЫҚ САЙЫСЫ – БІРЛІК ПЕН БЕЛСЕНДІЛІКТІҢ МЕРЕКЕСІ!
15 қыркүйек – Отбасы күніне орай Мәдениет және спорт бөлімдерімен бірлесіп, отбасылық құндылықтарды дәріптейтін «Толағай» отбасылық сайысы өткізілді.
Сайыста отбасылар ұйымшылдықтарын, шапшаңдықтарын, ептіліктерін және бір-біріне деген қолдауларын көрсетті.
Біздің мектептің намысын 4 «А» сынып оқушысы Сәткен Ануар Бауржанұлы ата-анасымен бірге қорғап, сайыс нәтижесінде І орынға ие болды!
Ануар мен ата-анасын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Отбасындағы татулық, өзара қолдау және бірлік – кез келген жетістіктің негізі!
Жеңісті күндеріңіз көп болсын!
І орын құтты болсын!
#Толағай #ОтбасыКүні #ОтбасылықСайыс #ЖБектұровМектебі #Жеңіс #Бірлік #ОтбасылықҚұндылықтар ОРЫСША АУДАР