Ұстазға құрмет – ұлтқа құрмет

07.10.2026

Көкшетау қаласындағы «Болашақ сарайы» балалар мен жасөспірімдер сарайында Мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік шараға өңірдің түкпір-түкпірінен 500-ге жуық педагог, білім беру ұйымдарының басшылары, ведомстволық бағынысты мекемелердің өкілдері және педагогикалық еңбек ардагерлері қатысты.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов білім саласының дамуына қосқан елеулі үлесі, кәсібилігі мен мамандығына деген адалдығы үшін педагогтерге мемлекеттік және ведомстволық наградалар, сондай-ақ алғыс хаттар табыстады.

35 жыл бойы білім беру саласында мінсіз еңбек етіп, жоғары кәсібилік пен ұстаздық мамандыққа адалдық танытқан орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Худобина Венера Рафаиловнаға мемлекеттік награда – «Құрмет» ордені табысталды.

Бұл – ұстаздың ұзақ жылғы табанды еңбегіне, кәсіби шеберлігі мен білім беру саласына қосқан зор үлесіне берілген жоғары баға.

Венера Рафаиловнаны мәртебелі мемлекеттік наградасымен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз асқақтай берсін! Зор денсаулық, шығармашылық табыс және шәкірттеріңіздің биік жетістіктерін тілейміз!

Просмотров: 26


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу