«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»
09.10.2026
«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» ФЕСТИВАЛІНДЕГІ ЖЕТІСТІК
Мектебіміздің оқушылары Ақкөл ауданындағы орта білім беру ұйымдары арасында өткен «Заң және тәртіп» театрландырылған қойылымдар мен бейнероликтер фестиваліне қатысып, «Ең үздік бейнеролик» аталымы бойынша грамота мен Алғыс хатқа ие болды.
Оқушылар бейнеролик арқылы заңды құрметтеудің, өз құқықтарын біліп, міндеттерін орындаудың маңызын көрсетті. Сондай-ақ теріс әрекеттерден аулақ болып, әр таңдаудың салдарын ойлана білуге үндеді.
Жетістікке жеткен оқушыларымызды және оларды дайындаған жетекшілерін құттықтаймыз! Шығармашылық табыстарыңыз арта берсін!
Просмотров: 23