Оқушылардың сапалы тамақтануы – ата-аналар назарында
09.10.2026
Ата-аналар комитетінің өкілдері мектеп асханасына келіп, оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру жағдайымен танысты. Олар күнделікті ас мәзірін қарап, ұсынылған тағамдардың мәзірге сәйкестігіне, ыдыс-аяқтың тазалығы мен жай-күйіне, сондай-ақ асхана мен тамақтану залының санитариялық жағдайына назар аударды.
Өкілдер дайындалған тағамдардан дәм татып, олардың дәмі мен сапасына оң баға берді. Олар оқушыларға ұсынылатын астың сапалы дайындалғанын атап өтіп, асхана қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.
Просмотров: 19