Білім бастауы – бастауышта!
13.10.2026
12–23 қазан аралығында мектебімізде бастауыш сынып мұғалімдерінің апталығы басталды.
Апталықтың алғашқы күні мектеп есігінен басталып, оқушыларға қызықты тапсырмалар ұсынылып, жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылды. Салтанатты жиында апталықтың ашылуы жарияланып, мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.
3-сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өткен іс-шара оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ерекше әсер қалдырды. Апталықтың мақсаты – оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және ұстаздардың кәсіби тәжірибесін насихаттау.
Просмотров: 6